Мектеп асханасында ыстық тамақтың ұйымдастырылуы
«№41 ЖОББМ» КММ
Мектеп асханасында ыстық тамақтың ұйымдастырылуы
«№41 ЖОББМ» КММ- асханасында оқушыларды тамақтандыру өте жақсы жолға қойылған. Мектебімізде 619-оқушы бар. Мектеп бойынша ыстық тамақпен оқушылардың 100 % - ы қамтамасыз етілген. Мектеп асханасы ыдыспен, қажетті құрылғылармен жабдықталған. Мектеп асханасында сонымен қатар оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуге байланысты құжаттар, асханада кезекшілік ету кестесі, мектепте ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру туралы бұйрық пен бракеражды комиссия құрамы бекітілген. Мектеп директоры бекіткен тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылар тізімі, ас мәзірі, тамақтану кестесі ілулі тұр.
Оқу жылының басынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 (жалпы оқу қоры туралы) қаулысына сәйкес жалпы оқумен қамту қорының есебінен көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларынан 115 оқушы құжатттарын тапсырып, тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр. Аталған оқушылардың Government services көрсету стандартының 2015 жылдың 13 сәуіріндегі №198 қаулысына сәйкес құжаттары толық жинақталған, 2019-жылдың 10-қаңтарынан жаңа бекітілген меню бойынша тамақтанады Ыстық тамақ құны 303,0 теңге тиынды құрайды. Тегін ыстық тамақ ішіп отырған оқушылар саны - 115, оның ішінде :
Көпбалалы отбасынан – 54 оқушы
Аз қамтылған отбасынан – 58 оқушы
Қамқорлықтағы балалар – 3 оқушы