19
June
2020
«Жазғы көңіл-күй» онлайн сайысы
№41 ЖОББМ жазғы онлайн лагерінде «Жазғы көңіл-күй» атты онлайн сайыс өткізілді. Сайыс шарттары бойынша оқушылар балалық шақ туралы сурет салып, ол суреттер INSTAGRAM желісіне жүктелді. Парақшада ең көп лүпіл жинаған оқушы жеңіске жетті. 3 «в» сынып оқушысы Жумагазина Жасмин жүлделі бірінші орынға ие болып, дипломмен марапатталды. Барлық қатысқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.
