09
февраль
2022
Қысқаша көбейту формуларының көмегімен өрнектерді түрлендіру
жаратылыстану — математика бағытындағы пәндердің апталығының ашылу аясында «Критериалдық бағалау: әдістері және тәжірибе» атты мектепішілік семинар өткізілді.Алгебра және геометрия пәні мұғалімі Ынырбаева А.А. 7 а -сынып бағдарламасы бойынша Қысқаша көбейту формуларының көмегімен өрнектерді түрлендіру тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта оқушылардың функциалдық сауаттылығын жетілдіруге бағытталған тапсырмалар, жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыруда оқытудың тиімді стратегиялары тиімді қолданылды. Сабаққа мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қатысты.
