Үйрет. Үйрен. Ынтымақтас.
Өскемен қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығының тренері Усенова Дидар Эрнстовна "№41 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ "Педагогикалық ынтымақтастық" қалалық қоғамдастық қызметі саласында жалпы орта білім беру мазмұнына инновацияларды енгізу бойынша жетекші мектеп» ретінде зияткерлік мектептердің тәжірибесін жалпы білім беретін мектептерге енгізу және білім беру саласын дамыту мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыс түрлерімен танысу үшін мектебімізге келді.
Кездесу барысында бүгінгі күнге дейінгі жасалған іс-шаралармен, серіктес мектептер арасында өткізілген семинар, коучинг жұмыстарымен таныстырылды. Мектебіміздегі ұстаздарымызға, әсіресе жас мамандарға қажетті оқу әдістемелік көмек көрсетуге дайын екенін айтты.
Дидар Эрнстовна «Lesson Study», «Action research» тәсілдерін жаңғыртып, ұстаздарымыз қоғамдастықта зерттеген тақырыптары бойынша облыстық, аймақтық, халықаралық деңгейде конференция, форумдарға қатысып, тәжірибе таратуға ұсыныс берді. Сонымен қатар мектептің тәрбие жұмысына да НЗМ ұстаздарымен бірлесіп, алдағы уақытта жаңашылдық енгізу жоспарланды.
