«Абай-замана шамшырағы» атты әдеби-сазды сағат
«№41 жалпы орта білім беретін мектебі» Education Department of Kerbulak districtнде 2022 жылғы 10 тамыздаАбай күніне орай «Абай-замана шамшырағы» атты әдеби-сазды сағат ұйымдастырылды. Бұл іс –шараны өткізуге мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Д.К.Шыныбаев, Б.К.Амирова , «Абай әлеміне саяхат» клубының жетекшісі Ж.Ж.Оразханова және клуб мүшелері белсене ат салысты. Қазақтың рухани кемеңгері, ойшылы,білім мен бостандық жолындағы қажымас күрескері - Абай бұл күндері бүкіл адамзатқа ортақ тұлғаға айналып отыр.
Ұйымдастырылып отырған ««Абай-замана шамшырағы» атты әдеби-сазды сағат -Абай рухына арналды.
Іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсат: Абайдың өмірі мен шығармашылығын, келер ұрпаққа қалдырған өсиетін оқушылардың ой- санасына сіңіру. Абай өлеңдерінен, қара сөздерінен оқушыларға тәлім - тәрбие беру.
Ұйымдастырылған іс-шара барысында клуб мүшелері Абай өлеңдерін, қарасөздерін жатқа оқыды, Абай әндері шырқалды. Сонымен қатар Абайдың нақыл сөздерін, өлең - жырларын ұрпақтары қалай оқып, меңгеріп жатқанының дәлелі ретінде викториналық сұрақтарға жауап берді. Барша қазақ баласы Абайды тануға,білуге, Абаймен мақтануға тиіс. Ұлы ақын өз халқын өркендеген,өскен, еркін халық ретінде көруді арман еткен.
Олай болса, жүрегі қазақ деп соққан қазақ жұрты Абайдың мұрасын бойтұмарындай сақтап жүруі тиіс.
