«МИСС ЖӘНЕ МИСТЕР КҮЗ – 2022» байқауы
«Алтын күз» апталығы аясында қазан айының 7-сі күні мектепішілік «МИСС ЖӘНЕ МИСТЕР КҮЗ – 2022» байқауы өткізілді. Байқауға 8-10-сынып оқушылары қатысып, бақ сынасты. Сайыс «Визитка», «Шығармашылық сайыс», «Интеллектуалдық сайыс», «Күзгі костюм» сынды төрт кезеңнен тұрды.
Қатысушы сыныптар арасында тыңғылықты дайындығымен көзге түсіп, өнерімен ерекшеленген 9 «А»-сынып оқушылары Молдағалиева Аделия мен Омарбеков Әділ екінші орын иеленсе, «Интеллектуалдық сайыс» кезеңі бойынша ұпай саны басымдығымен 9 «В»-сынып оқушылары Набокина Владислава, Кочегаров Мирослав бірінші орын иеленді. 10 «А»-сыныбы атынан қатысқан Раев Шыңғыс пен Шарипханова Диана және 8 «А»-сынып оқушылары Болатов Шыңғыс пен Ертайқызы Аружан жүлделі үшінші орынға лайық деп танылды.