06
June
2023
«Достық» лагері
Бүгін 06.06.2023 жылы КММ «ЖООБМ №41» мектепшілік жазғы «Достық» лагеріндегі жоспар бойынша оқушылар кинотеатрға барды. The calendarлік жоспар бойынша 45 оқушы түгенділіп, тәртіп бойынша таңғы жаттығуды жасап жолға шықтық. Кинотеатрда «Өрмекші адам» атты мультфильм көрсетілді. Мультфильмде адал, батыл болуды, бастаған ісін ештеңеге қарамастан соңына жеткізу керектігін дәріптеді. Балаларға мультфильм керемет әсер беріп, жақсы көңіл күйде қайтты.
