28
октябрь
2019
Мектепішілік «Достық» лагері туралы
«№41 ЖОББМ» КММ –де 28.10-01.11.19ж. аралығында мектепішілік «Достық» лагері жұмыс жүргізеді. «Достық» лагерінің ашылуында 2 «А» және 3 «Б» сынып оқушылары арасында «Достығымыз жарассын!» атты спорттық сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: салауатты өмір салтын ұстану, денсаулықты күту, жан-жақты тұлға етіп қалыптастыру. Сайыс 7 бөлімнен тұрды: 1. Топты таныстыру, ұраны, эмблемасы; 2. Жүгіріу; 3. Секіру; 4. Кедергілермен өту; 5. Доппен жұмыс; 6. Секіртпемен жарыс; 7. Арқан тартыс. Сайыс соңында жеңіске жеткен 2 «А» сыныбы мақтау қағазымен марапатталды. Балалар демалыс уақыттарын лагерьде өткізгенді ұнатады. Балаларға бұл барысымыз қатты ұнады. Әліде талай қызықтар оларды күтіп тұр.



