06
ноябрь
2020
«Спорт менің үйімде»
Бүгін, 2020 жылдың 6-қарашасы күні «№41 ЖОББМ» КММ қашықтықтан күздік «Достық» лагері өтті. Бүгінгі лагердің тақырыбы: «Спорт менің үйімде».
Мақсаты: Қимыл-қозғалыс ойындары арқылы балаларды ептілікке, шапшаңдыққа, төзімділікке, бірін-бірі құрметтей білуге , ой-өрісінің дамуына, денсаулықтарын шыңдай білуге үйрету.
Жалпы лагерьге 43 оқушы қатысты. Олар өздерінің ептіліктерін көрсете білді.Таңғы жаттығуларды жасау арқылы, дене жаттығуларын белсенді орындады.
Бір күн ішнде жасалатын іс-әрекеттерін дұрыс ұйымдастыра білді.
Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі денсаулыққа пайдасы бар екенін ұғынды.
