28
октябрь
2020
«Күз сыйы»
«Күз сыйы» атты қашықтықтан шығармашылық сайыс өтті
Алтын күз әрқашан өз сұлулығы мен бояулар жарықтығымен қуантады. 08.10-22.10.2020ж. аралығында "Күз сыйы" атты балалардың қашықтықтан шығармашылық сайысы өтті. Мақсаты сабақтан тыс уақытта оқушылардың қызығушылығын арттыру және жандандыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сайыс 5 түрлі номинациялардан құралды. Ұсақ-түйектер мен тұтас композиция, жеміс-жидектер, кепкен гүлдер және басқа да көптеген заттармен күздің кереметтей көріністерінен әр түрлі бұйымдар жасады. Алтын күзге арнап шығарма мен өлең жолдарын арнады. 1-6 сыныптар арасында 50 оқушы сайысқа белсене қатысты. Шығармашылық және белсенділік үшін барлық қатысушылар І-орын, ІІ-орын, ІІІ-орын дипломдармен марапатталды.