05
ноябрь
2021
Мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы
05 қараша күні мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.
1. «Коронавирусқа қарсы алдын алу вакциналары»
2. 2-тоқсанды ұйымдастыру жұмыстары
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектебіміздің медбикесі Бақытжан Мадина Бақытжанқызы және «Хаким» емханасының меңгерушісі Лачкова Татьяна Николаевна «Коронавирусқа қарсы алдын алу вакциналары» тақырыбында толық ақпарат бере отырып, түсіндірме жұмысын жүргізді. Жеке сұрақтары бойынша хабарласу үшін байланыс номерлерін де берді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мектеп директоры А.Т.Тукенова және оқу ісінің меңгерушісі С.Р.Балданбаева оқу үдерісі мен ішкі тәртіп ережесіне тоқталып өтті.
