«Менің ҰБТ-ға дайындығым» атты психологиялық тренинг
«Alikhan BokeikhanUniversity» ББМ педагогика және психология кафедрасының мұғалімдері Ш.О.Орынгалиева және А.Е.Мауэнованың ұйымдастыруымен 12 қараша күні аталмыш мектепте «Менің ҰБТ-ға дайындығым» атты психологиялық тренинг өтті.
Мақсаты: оқушыларға мазасыздықты жеңу, мазасыздық жағдайын игеру, оның жағымсыз салдарын жою мәселесін шешуге көмектесу.
Міндеттері:
- сыртқы эмоционалды көріністерді бейнелеу және тану дағдыларын дамыту;
- эмоционалды тұрақсыздықты азайту;
- оң эмоционалды фонды арттыру;
- оқушылардың толқуларын алаңдаушылықтарын жоғарылатудың әдістері мен тәсілдерін үйрету.
Бағдарлама бірнеше кезеңді қамтыды. Олар: ұйымдастыру кезеңі, негізгі және қорытынды бөлім. Оқушыларға әр түрлі жаттығулар өткізе отырып, ҰБТ алдында кездесетін мазасыздық, мазасыздық салдарын жою мәселелерін шешуге көмектесті. Тренинг өте мағыналы және тартымды өтті.
