өткізілген «Аңыз адам» атты Қайым Мұхамедханов атындағы қалалық волейбол турнирі
2022 жылы 2 наурызда «№41 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де «Аңыз адам» атты Қайым Мұхамедханов атындағы қалалық волейбол турнирі ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: Қайым Мұхамедхановтың еңбектері, өмірі, шығармашылығы жайлы мәлімет беру, өмір жолын, жасаған істерін жас ұрпаққа үлгі ету.
Іс-шара барысында құттықтау сөз мектеп директоры Тукенова Айгуль Турсыновнаға берілді. Қайым Мұхамедхановтың өмірі, шығармашылығы туралы мәліметтер беріліп, видеоролик көрсетілді. Кеш қонақтары жазушының ұлы Мухамедканов Қанағат Кайымович, жазушының шәкірті Байгожинов Кенжебек Аханович, Шәкәрім университетінің қоғамдық қабылдау ұйымының жетекшісі Кенесбаев Ерлан Айтмұхамбетович, «Арлан» аулалық клубының жетекшісі Кенесбаева Сарқыт Жұмахановналар Қайым жайлы естеліктерін айтып, оқушылармен ой бөлісті. Іс-шарада мұғалімдердің орындауында Абай әндерінен попури, «Жас сарбаз» сыныбының «Сарбаздар әні» орындалса, 6-сынып оқушыларының Қайым жайлы тақпақтар оқыды, Оралбек Расул «Кең дала» әнін шырқаса, «Жасұлан» балалар ұйымының оқушылары «Туған ел» атты хор айтты.
Осымен ресми бөлім аяқталып, волейбол турнирі басталып кетті. Турнирға үш команда қатысты: «Арлан», «Олимп», «Қайрат». Ойын қызықты болып, жанкүйерлер өз командаларына қызу қолдау көрсетті. Жарыс өте қызықты деңгейде ұйымдастырылып, «Қайрат» ІІІ орын, «Олимп» ІІ орын алса, «Арлан» командасы жүлделі І орынға ие болды. Жарыс соңында қатысқан командалар мақтау қағаздарымен және кубокпен марапатталды.


