"Менің бау-бақшам" онлайн байқауы
«Менің бау-бақшам» онлайн фото байқауы
16 маусым күні 2022 жылғы жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары негізінде лагерь қатысушылары үшін «Менің бау-бақшам» атты онлайн фото байқау өткізілді. Мақсаты: Балалардың бақша дақылдарының дамуы, өсуі және адам денсаулығы үшін маңыздылығы туралы білімдерін қалыптастыру. Байқауға қатысқан оқушылардың ішінен жүлделі орындарға ие болғандар: 1-орын – Козлов Назар 3 «Г» сынып, 2-орын – Жылқыайдар Али 2 «А» сынып, Югов Лев 3 «Г» сынып, 3-орын – Аскербекова Толғанай 3 «Б» сынып оқушылары. Байқауға белсене қатысып жүлделі орындарға ие болған оқушыларды шын жүректен құттықтаймыз!
Онлайн фотоконкурс «Мой сад»