«Менің Қазақстанымның қалыптасу шежіресі» атты дөңгелек үстел
22.10.2022 күні №41 жалпы білім беретін орта мектепте «КММ» 9- 10 -11сыныптар арасында тарих пәні мұғалімдері Сапарбаева А.Б, Муташев Р.Е. және Маңғазы Н.С. жүргізуімен Республика күніне арналған «Менің Қазақстанымның қалыптасу шежіресі» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты: оқушылардың білімдерін тереңдету. Туған өлке туралы мәлімет беру, жинақталған білімдерін пайдалана отырып, сөздік қорларын толықтыру, ауызекі тілде еркін жеткізуін қалыптастыру. Басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, туған жеріне, еліне сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Олармен бірге «Туған жер», «Ана тілі», «Мемлекеттік тіл», «Ел тарихы» , «Елімнің отаншыл адамдары» тақырыптарына ой толғау. . Сонымен қатар тәрбие сағатында слайдтар, әртүрлі суреттер көрстілді. Оқушылар Қазақстан Республикасының тарихы туралы тереңірек қызықты мағлұматтар алып өз білімдеріменде бөлісті және әртүрлі сұрақтарға жауап берді.