31
октябрь
2022
Мектепшілік күзгі «Достық» лагерінің ашылу салтанаты
Бүгін 31.10.2022 жылы КММ «ЖООБМ №41» мектепшілік күзгі «Достық» лагерінің ашылу салтанаты өткізілді. Ашылу салтанатында оқушылар 31.10. – 04.11.2020 жылы аралығындағы арнайы жоспармен танысты. Лагердің ашылу салтанатымен құттықтау мақсатында Бажау Аяла «Достық жыры» атты ән шырқаса, 4-сынып оқушылары мың бұрала би биледі. Лагердің ашылу салтанатын өткізгеннен кейін, оқушылар арнасында спорттық ойындардан кішігірім сайыс өткізілді. Оқушылар белсене ат салысып, ойындарды аса қызығушылықпен ойнады.


