18
март
2024
«Жақсылық жасап жарысайық!» атты қайырымдылық жәрмеңкесі
18.03.2024 жылы мектебімізде оқушылар, ата-аналар және ұстаздар арасында қайырымдылық идеяларын тарату, оларды адамдарға, қоғамға және аз қамтылған отбасыларға көмектесуге тарту мақсатында «Жақсылық жасап жарысайық!» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде 5-11 сынып оқушылары аспаздық өнімдер сатып, түскен қаражатты қайырымдылыққа жұмсады. Мектебімізде оқитын аз қамтылған отбасынан шыққан 3 оқушының отбасына азық түлік берілді.
