«Жас Ұлан» ұйымына қабылдау салтанатты жиыны туралы ақпарат.
2019 жылдың 28 қараша күні мектепте Тұңғыш Президент күніне арналған «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. «Жас Ұлан» ұйымына 46 оқушы қабылданды. Қабылданатын оқушылар «Жас Ұлан», «Жас Қыран» қатарына өтудің жауапкершіліктің мол екенін сезіне білді. Оның қатарына қабылданған оқушы мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласып және сабақтарын үздікке оқып, өз елінің мақтанышы болатын азамат болуына міндеттейтінін сезінді.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды. Онда мектеп ұстаздары мен ата-аналар қатысты. Ұйымға қабылданушы 5 «А» сынып оқушысы Рымтаева Томирис және 5 «В» сынып оқушысы Цымбал Виктория «Өз Отаны – Қазақстанның патриоты болуға, «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай сақтап отырып, өзінің достарынан соны талап ете отырып, Отанды сүюге салтанатты түрде ант берді. Мектептің ұланбасы бастаған «Жұлдыз» өзін- өзі басқару ұйымының көшбасшылары және сынып жетекшілер «Өз елім» әнінің ырғағында жас қабылданушыларға галстуктарын тағып, кеуделеріне төс белгілерін қадап берді. Мектеп директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Мукышева Райгуль Калеловна сөз сөйлеп «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдарына қабылданғандарды құттықтап, тілегін айтты. Ата-аналардың арасында да ізгі ниеттерін білдіріп жолдарына сәттілік тілеп, лебіздерін білдірді.Салтанатты жиынның жабылу рәсімі «Жас Ұланның» әнұранымен аяқталды.



