05
ноябрь
2020
«Достық» лагерьінің ашылу салтанаты өтті
«№41 ЖОББММ» КММ-де 05.11.2020 жылы «Достық» мектепішілік лагері жоспарлы түрде қашықтықтан жұмысын бастап, Zoom месенджерінде балалармен лагерьдің ашылу салтанатын өткізді. Онлайн жиынға 50 бала қатысты. Лагерь басшысы Еркежан Қайратқызы және әлеуметтік педагог Жұлдыз Ерланқызы оқушыларды лагерьдің алғашқы күнімен құттықтап сергіту сәтін өткізді. Ашылу салтанатын мектеп педагог-психологтары Ташубаева С.А. мен Базарова Э.Н. «Кел, танысайық!» атты танысу тренингімен жалғастырды. Ашылу салтанаты өте тартымды, балалар үшін қызықты болды.
