06
ноябрь
2020
Каникул уақытында оқушылармен виртуальді мұражайға саяхат.
06.11.2020 күні зум платформасы арқылы 5-8 сынып оқушылар аралығында еліміздің мұражайларына,соның ішінде «Семей облыстық тарихи-өлкетану мұражайы», «Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайы», «Маңғыстау облыстық тарихи өлкетану мұражайы» онлайн саяхат жасады. Виртуальді мұражайға саяхатты мектебіміздің әлеуметтік педагогы Жулдыз Ерлановна мен аға тәлімгер Еркежан Қайратқызы оқушыларды мұражай тарихымен таныстырып, қызықты мәліметтермен бөлісті. Оқушылар бүгінгі өткен виртуальді мұражайға саяхат жасау арқылы өздерінің мұражай жайлы қызығушылықтарын арттырып қана қоймай , тарихи – мәдени кеңістіктегі танымын да арттырды.
