«Отбасы – менің бақытым» тақырыбында сынып сағаттар өткізілді
«Отбасы – менің бақытым» тақырыбында сынып сағаттар өткізілді
Қазақстандағы Отбасыкүніне орай Семей қаласы «№41 ЖОББМ»КММ-де «Отбасы – бақыт мекені» атты апталық аясында «Отбасы – менің бақытым» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.Мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қатынастарын нығайту, ата – анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын арттыру. Отбасыкүнін Қазақстанда мерекелеу қоғамдағы имандылықты және руханилықты нығайтуға негізделген. Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз. Біз отбасымызда өз орнымызды біліп,үлкендерге құрмет көрсетіп,кішілерге қамқор болсақ,оларда бізді құрметтейтіні сөзсіз.