«Дәуірдің дара тұлғасы» атты танымдық сағат
2022-2023 оқу жылының 23 қыркүйегінде № 41 жалпы орта білім беретің мектепте 6-8 сынып оқушыларының қатысуымен М. Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына байланысты «Дәуірдің дара тұлғасы» атты танымдық сағат өтті.
Іс-шараны өткізудегі мақсат:оқушыларды Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өмір жолы және шығармашылығымен таныстыру, ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық танымдарын толықтыру болды. Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы бейнекөрініс көрсетіліп, «Бәйге» бөлімінде сұрақтар қойылып,жауап алынды.Соңында оқушылар танымдық сағаттан алған білімдерін топ-топқа бөлініп,постер құрау арқылы өте жақсы қорғап шықты.
Мұхтар Омарханұлы бүкіл саналы өмірі мен дарын қуатын, қайрат жігерін туған халқына, келешек ұрпаққа арнап,қалтқысыз өшпес мұра қалдырды.
Ұйымдастырушылар: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері
