Бүгінгі күні №41 жалпы орта білім беретін мектепте 16 кезекші сыныбы жұмыс жсасап жатыр. Сыныптардағы оқушылар саны 15 оқушыдан аспайды. Мемлекеттік СанПин ережелері қатаң сақталған. Әр сыныпта бір кабинеттік жүйе, тазалық жұмыстары мен кварцтау, дезинфекциялық жұмыстар уақытымен жүргізіледі. Оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түспеуі үшін әр түрлі қоңырау кестесі мен сабақ кестесі жасалып, бекітілген. Оқушылар да белгіленген ережелерді қатаң сақтауды үйренген. Ата-аналар тарапынан қауіпсіздік ережесін қатаң сақтап, түсінушілік танытады. Өз балаларын антисептик, маска, ылғалды салфеткалармен қамтамасыз етіп отыр