Ата-аналармен кездесу
2020 жылдың 30 қаңтар күні « 41 жалпы орта білім беретін мектепте» ата-аналармен кездесу өтті. Күн тәртібінде төмендегі сұрақтар қарастырылды:
-ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу;
-Ата-аналар бақылауы және қолданылатын шаралар;
-Мектепте ұзартылған топ ашу туралы;
-«Педагог мәртебесі туралы» заңы;
-2020-2025 жылдарға арналған Білім және Ғылым министрлігінің даму бағдарламасы туралы.
Аталған бірінші мәселе бойынша ЖРВИ, тұмаудың алдын алу шаралары бойынша «Хаким» емханасының дәрігері Р.Уайданова сөз алып, тұмаудың алдын алу шараларын, сақтық шараларын түсіндіріп өтті. Ал мектеп мейірбикесі Қ.Амантай күнделікті мектепте жүргізілетін тазалық шаралары бойынша есеп берді.
Ата-аналардың интернет желісінде отыратын балаларын бақылауы және алдын алу шаралары туралы тәрбие ісінің меңгерушісі Р.К.Мукышева және мектеп психологы С.А.Ташубаева мәлімдеме жасады.
Ақпан айында мектебімізде ашылатын ұзартылған топ туралы айтылып ,оның күн тәртібі, жұмыс жоспары, шарттары таныстырылды.
«Педагог мәртебесі туралы» заңының ата-аналарға қатысты тұсы және 2020-2025 жылдарға арналған Білім және Ғылым министрлігінің даму бағдарламасы туралы айтылып, таныстырылды.
Ата-аналар өз пікірлерін білдіріп,кездесу өте мәнді де маңызды өтті.
30 января 2020 года в КГУ «СОШ №41» была проведена встреча с родителями. В повестку дня были включены следующие вопросы:1. О мерах профилактики ОРВИ и гриппа;
2.Родительский контроль и родительская ответственность;
3.Об открытии групп продлённого дня в школе;
4. Закон «О статусе учителя»;
5.О программе развития Министерства образования и науки на 2020-2025 годы.
Модератором встречи была директор школы-А.Т.Тукенова.
По первому вопросу выступила Р.Уайданова- врач поликлиники «Хаким» по профилактике ОРВИ и гриппа. Родителям показали слайды, даны рекомендации по профилактике ОРВИ и гриппа. А школьная медсестра К.Амантай сообщила о профилактических мерах в школе.
Руководитель воспитательной работы Мукышева Р.К. и школьный психолог С.А. Ташубаева выступила с заявлением о мерах по контролю и профилактике родителей в отношении своих детей сидящих в интернете и дала рекомендации. В школе планируется открытие групп продленного дня. Родителей ознакомили с графиком работы, режимом дня. Закон «О статусе учителя» и программа развития Министерства образования и науки на 2020-2025 годы был представлен родителям. Родители задавали вопросы и получили ответы. Встреча была значимой и важна для родителей.




