«Жас Ұлан» ұйымына қабылдау туралы ақпарат
«Жас Ұлан» ұйымына қабылдау туралы ақпарат.
29 қараша күні мектепте Тұңғыш Президент күніне арналған «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. «Жас Ұлан» ұйымына 35 оқушы қабылданды.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды. Мерекеге мектеп ұстаздары мен ата-аналар қатысты. Ант қабылдау рәсімі 5 «А» сынып оқушысы Сабетаев Әнуарға және 5 «В» сынып оқушысы Хуснутдинова Ринатаға берілді. 6 «Б» сынып оқушылары «Туған жер» әнін орындады. Ұйымға қабылданушы оқушылар «Өз Отаны – Қазақстанның патриоты болуға, «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай сақтап отырып, өзінің достарынан соны талап ете отырып, Отанды сүюге салтанатты түрде ант берді. Мектептің ұланбасы бастаған «Жұлдыз» өзін- өзі басқару ұйымының көшбасшылары және «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері «Атамекен» әнінің ырғағында жас қабылданушыларға галстуктарын тағып, кеуделеріне төс белгілерін қадап берді. Мектеп директоры Айгүл Тұрсынқызы сөз сөйлеп «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдарына қабылданғандарды құттықтап, тілегін айтты. Ата-аналардың арасында да ізгі ниеттерін білдіріп жолдарына сәттілік тілеп, лебіздерін білдірді. Салтанатты жиынның жабылу рәсімі «Жас Ұланның» әнұранымен аяқталды.
Аға тәлімгерЖакенова Г.М.