09
февраль
2021
«Жаңашыл сабақ беріп, бірге үйренеміз
2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында № 41 жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сыныптар арасында «Жаңашыл сабақ беріп, бірге үйренеміз» тақырыбында апталық өтті.
Мақсаты: Қашықтықтан оқыту кезінде әртүрлі жаңартылған оқу мазмұны бойынша тәсілдерді тиімді пайдалану және әріптестерімен бөлісу.
Бүгінгі күні өткізген сабақтарының SWOT – талдауларын жасап, өз ойларын ортаға салып, бастауыш сынып мұғалімдері онлайн форматта дөңгелек үстел өткізді. Бастауыш сынып мұғалімдері сабақтарын ZOOM, SKYPE, Online Mektep платформаларын пайдаланып қашықтықтан өткізді. Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері АКТ технологияларын еркін қолдана біліп шеберліктерін көрсетті.

