«Тәуелсіздік ұландары»
12 маусым 2021 жылы «№41 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ 11-сынып түлектеріне жалпы орта білім туралы аттесттатты салтанатты түрде тапсыру іс-шарасы өткізілді. Іс-шараны өткізу мақсаты мектеп дәстүрін сақтау және ұлықтау, білім мен тәрбиенің құндылығын қалыптастыру, адам өмірінде білімі туралы құжаттың маңызы мен мәнін түсіндіру, патриотизмге тәрбиелеу болды. Орта білім туралы аттесттаттар салтанатты түрде тапсырылды, білімімен көзге түскен оқушылар Мақтау қағаздарымен марапатталды. Түлектерге ақ жол тілеу үшін құттықтау сөз мектеп директорына берілді. Түлектер мен ата-аналар назарына құттықтау видеороликтары мен музыкалық сыйлық ұсынылды. Оқушылардың ата-аналарына балаларын жақсы тәрбиелегендері және мектеп пен сынып іс-шараларына белсене араласқандары үшін Алғыс хат табысталды. Түлектер мектеп әкімшілігіне, педагогикалық ұжымға, ата-аналарға білім бергендері, қамқорлықтары мен қолдаулары үшін алғыс білдірді.
12 июня 2021 года в КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 41» состоялось мероприятие, посвященное торжественному вручению аттестатов об общем среднем образовании выпускникам 11 классов. Мероприятие проводилось в целях пропаганды и сохранения традиций школы, формирования ценности знаний и образования, важности и значимости получения документов об образовании в жизни человека, воспитания патриотизма. Состоялось торжественное вручение аттестатов выпускникам, награждение отличившихся учащихся Похвальными грамотами. Со словами поздравления и напутствия выступила директор школы. Вниманию выпускников и родителей были представлены поздравительные видеоролики и музыкальный подарок. Родителям учащихся были вручены Благодарственные письма за хорошее воспитание детей и активное участие в делах класса и школы. Выпускники сказали слова благодарности администрации школы, педагогическому коллективу, родителям за знания, заботу и поддержку.

