«Жас эрудит»сайысы
Мектептің жаратылыстану-математикалық пәндер бірлестігі мұғалімдерінің апталығында оқушылармен физика пәнінің мұғалімі Абильмажинова Шолпан Кадыровнаның 7 «А» ,7«Б» сыныптар арасында сыныптан тыс шара «Жас эрудит»сайысын өткізді
«Жас эрудит» сайысының өткізу мақсаты: Оқушылардың әр қарастырылатын құбылыс пен физикалық заңдар, формулалар байланысын ашып, таба білу дағдысын жетілдіру.Қоршаған ортамен байланысты түрлі құбылыстардың мәнін ашуда оқушының ой-қиялын дамыту,пәнге қызығушылығын арттыру.
Сайыс жетінші сыныптар аралығында өтті. Бес турдан тұрды. 1-тур. «Бәйге» 2-тур «Дода» 3-тур «Таңдап алу» 4-тур. «Тапқырлық»5-тур «Сенесің-сенбейсің». 7 А және 7 Б сыныптары белсенділік танытып, әділқазы шешімімен бірінші орын 7 «А , екінші орын7«Б» сыныптары иеленді. «Үздік ойыншы» номинациясын 7Б оқушысы Рымтаева Томирис, ал «Жаңалыққа жаны құмар» номинациясы 7Б сынып оқушысы Болатов Шыңғыс. Сайыс тартымды, қызықты болды

