«Татулық-достықтың тірегі»
Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай, «№41 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-де 30 -сәуір күні «Татулық-достықтың тірегі» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.Іс-шараның мақсаты көп ұлтты халқымыздың достығын,ынтымағын сақтау,ұлттар сабақтастығын жалғастыру. Мерекелік іс-шараға Семей қаласы Кіші Ассамблеясынан қонақтар келді. Қонақтар: Жақсылықова Сания Қайыржанқызы, Борибаева Алем Қажығұмарқызы мерекеде Ассамблея үйінің құрылғаны туралы мәліметтермен таныстырып тілектерін білдірді.Мерекеге 8-9 сынып оқушылары қатысты. Сондай-ақ , оқушылар әр ұлт өкілдерінің ұлттық тағамдары,салт-дәстүрлері туралы ақпараттар айтып, киім үлгісімен таныстырды. Мерекелік іс-шараның соңы оқушылар дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.
