28
сентябрь
2022
«Көп ұлтты менің мекенім»
28.09.2022 жылы «№41 ЖОББМ» КММ «Көп ұлтты менің мекенім» атты Қазақстанды мекен ететін халықтар достығына арналған фестиваль өтті. Фестивальдің мақсаты оқушыларға халықтар достығын, бірлігін дәріптеу. Фестивальға мектептің 1-11 сынып оқушылары қатысты. Үш кезеңнен тұратын бұл Фестивальда өз елімізді мекен ететін ұлттардың мәдениетімен, салт-дәстүрімен, тұрмыс-болмысымен таныстырды. Олардың ұлттық билерін көрсетіп, ұлттық ойындарын ойнатты. Кеш өте көңілді өтті. Белсене қатысқан сыныптар мадақтамалармен марапатталды.
