20
январь
2023
«Видеоролик жасаудың құпиялары» атты коучинг
19-20 қаңтар күндері «№41 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Видеоролик жасаудың құпиялары» тақырыбында информатика пәнінің мұғалімдері Доскалиева А.Г. және Байшенова Р.Е. мұғалімдермен коучинг өткізді. Мақсаты: Ұстаздарға жұмысына қажет болған кезде өздігінен, жылдам әрі оңай жолдармен видеороликті дайындауға үйрету. Коучингте мұғалімдер телефон, компьютер құрылғыларының көмегімен жылдам әрі сапалы видеоролик жасаудың әдіс-тәсілдерімен, негізгі ережелерімен, видео монтаж жасауға арналған программалармен танысты. Мұғалімдер компьютерде видео құрудың қадамдарын өздері орындап шығып, меңгерген білімдерін бекітті. Қатысқан мұғалімдер коучингке оң бағаларын берді.






