06
февраль
2023
. Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» атты коучинг
««Толық адам» тәрбиесінің негізгі идеялары. Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» атты коучинг ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: «Толық адам» тәрбиесінің негізгі идеялары. Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері туралы мәлімет беру, мұғалімдермен өзіндік іс-тәжірибемен бөлісу, тапсырмалардың түрлерімен таныстыру.
Коучингте мұғалімдер «Нұрлы ақыл», «Ыстық қайрат», «Жылы жүрек» үш топқа бөлінді. Әр топқа «Бес асыл іс», «Бес дүшпан», «Үш қасиет» атты қағаздар жазу арқылы оқушылардың қасиеттерін ашты, ары қарай дамыту жолдарын көрсетті. Әр топтың мүшелері бір сыныпты таңдап, «Толық адам» моделін жасап шықты. Кері байланыс «Тик-ток» әдісі арқылы жасалды.
