Каникул уақытында оқушылармен кинофильмдер қарау
Каникул уақытында оқушылармен кинофильмдер қарау
Мектебіміздің оқушыларына жетістікке жету жолындағы бағыт туралы «Тинейджер миллиард жолында» атты кинофильм ұсынылды.
Мақсаты: табысқа адал еңбекпен жетуге үйрету.
Кинофильмнің қысқаша мазмұны: мектеп қабырғасында жүріп ақша табудың көзін тапқан Тоб есімді жас кәсіпкер туралы фильм. Кәсіпкер отбасында тәрбиеленген жігіттің өзіне жұмыс жасап, ақшаны өз алдына тапқысы келеді. Отбасы түрлі жағдайларға тап болып, бастарына қиындық туған кезде ата-анасы амалсыз Қытай асып кеткен кезде, Тайландта жалғыз қалып өзінің ісін алға жүргізе бастаған жігіттің басынан өткен сәтсіздіктері суреттеледі. нәтижесінде Тоб өзінің алға қойған мақсатына жетіп, табысты азамат болып шығады. Фильмнің негізгі ерекшелігі адамға жігерлі болуды және артқа шегінуге болмайтынын дәлелдейді.
Обратная связь ретінде оқушылар «Табысты азамат қандай болу керек?» деген сұраққа жауап беріп, фильмнің көңілдерінен шыққандығын айтты.