Мектепшілік «Достық» лагерінің ашылу салтанаты
Бүгін 05.06.2023 жылы КММ «ЖООБМ №41» мектепшілік жазғы «Достық» лагерінің ашылу салтанаты өткізілді. Шараға 1-2 сынып аралығындағы қазақ және орыс сыныптарынан 47 оқушы қатысты. Ашылу салтанатында балалар 05.06 – 09.06.2023 жылы аралығындағы арнайы жоспармен танысты. Лагерь Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен салтанатты түрде ашылды. Ашылу салтанатымен құттықтауға «Саяхатшы Дара» мультфильміндегі кейіпкерлер келді. Школьникам қойылым қойып, балалардың өнерін тамашалады. 1 «А», 2 «А», 2 «Б» сыныптары мың бұрала билеп, өз өнерлерімен бөлісті.
Ашылу салтанаты аяқталғаннан кейін оқушыларға қауіпсіздік ережесі таныстырылды. Одан бөлек «Судан сақ бол» лекциясы өткізілді. Балалар жалпы қауіпсіздікпен танысып болған соң, мектеп ауласында «Таңғажайып әлем» тақырыбында асфальтте сурет салып, балаларды үйге тарқаттық.


