Сәуір айында оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмысы бойынша жүргізілген жұмыстар туралы анықтама
«№41 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Сәуір айында оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмысы бойынша жүргізілген жұмыстар туралы анықтама
Желтоқсан айы бойынша мектептегі ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмысы жоспар бойынша жүргізілді. Тамақтану кестесі, 2 апталық ас мәзірі талапқа сай орындалды. 1-4 сыныптар аралығында 231 оқушы, 5-11 сыныптар бойынша аз қамтылған отбасынан шыққан 81 оқушы ыстық тамақпен қамтылған.
Fase ID жүйесі бойынша АПК аппараты арқылы оқушылар күнделікті белгіленеді.
Асханада тамақтану сапасы бойынша сәуір айында 1 рет бракераждық комиссия тексерісі жүргізілді. Сапаны бақылау комиссиясы дайын тағамдардан сынама алды. Тамақты дайындау пайдаланылатын өнімдердің тізбесі мен саны бар технологиялық карталарға сәйкес жүзеге асырылады. Оқушылар үшін 70 орын қарастырылған. Үстел параметрлері ұқыпты орналастырылған. Азық-түлікті сақтау температурасы сақталады. Тәуліктік үлгілер 48 сағат бойы тоңазытқышта сақталады. Ас бөлмесі таза және құрғақ, жабдықтар таңбаланған. Нәтижелер тағамның сапалы және белгіленген стандарттарға сай екенін көрсетті.

