Қайым Мұхамедханұлының туғанына 107 жыл толуына орай «Ұстаз бен шәкірт» атты ғылыми конференция
2023 жылы 18 қаңтарында «№41 жалпы орта білім беру мектебі» КММ-де белгілі ғалым, абайтанушы, ұстаз, ақын, қоғам қайраткері Қайым Мұхамедханұлының туғанына 107 жыл толуына орай «Ұстаз бен шәкірт» атты ғылыми конференция ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: Жас ұрпаққа Қайым Мұхамедхановтың еңбектерін насихаттау, өмір жолын үлгі ету, атқарған қызметі мен шығармашылығы жайлы мәлімет беру. Қайым Мұхамедхановтың жүріп өткен жолы мен Абайтану ғылым саласындағы елеулі еңбегін бағалау.
Іс-шараға жазушының ұлдары Қанағат Қайымұлы, Дегдар Қайымұлы және Ерлан Айтмұхаметұлы, Қаныш Мақсұтұлы, Нұржан Бақытжанұлы, Сарқыт Жұмаханқызы қатысты.
Конференцияда 10 «А» сынып оқушысы Абылқаятова Мадина мен 7 «Б» сынып оқушысы Советқали Нұржан ылыми зерттеу баяндамаларын оқыды. Қайым Мұхамедхановтың өміріне тарихи жақтан шолу жасай келіп, еңбектерін, шығармашылығын әдеби тұрғыдан қарастырды. Іс-шараға қатысып отырған «Жас сарбаз» сыныбының оқушылары жазушының ұлдарына сұрақтарын қойды. Қонақтар оқушыларға алғыстарын білдіріп, тіліектерін арнайы кітапшаға жазып кетті.
